






Тараз қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» атты семинар өтті2025 жылғы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» атты тақырыбында семинар өтті. Іс-шара ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі ретіндегі еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған.Семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – еңбек медицинасы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. Семинарға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, медициналық мекемелердің дәрігерлері және өнеркәсіптік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлегендер:
*Шиналиев Б.С., Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы;
*Мусабаев Е.Т., Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары;
*Отаров Е.Ж., «Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы және директоры, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор.
Семинарда еңбек медицинасы саласындағы профессорлар мен жетекші сарапшылар баяндамалар жасады. Негізгі тақырыптар қатарында:
*Гигиена және еңбек медицинасының даму болашағы (м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Отаров Е.Ж.);
*Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жағдайы. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді медициналық қарап-тексеру. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база (м.ғ.к. Ақынжанова С.А.);
*Фосфор мен оның бейорганикалық қосылыстарының әсерінен болатын кәсіби уланулар (Тараз қаласының мысалында) (м.ғ.д., профессор Аманбекова А.Ұ.);
*Кәсіби жарамдылықты анықтау мен аурудың кәсіппен байланысын сараптаудағы проблемалық мәселелер (м.ғ.д., профессор Отарбаева М.Б.);
*Кәсіби патология саласындағы мәселелермен Жамбыл облысының бас профпатологы Бабишева Р.Ш. сөз сөйлеп, саладағы өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдарын баяндады.
Семинар еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылайтын маңызды алаңға айналды, бұл өз кезегінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
В г.Тараз прошел семинар на тему «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности»
9 сентября 2025 года в городе Тараз Жамбылской области состоялся семинар на тему: «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности», посвященный вопросам здоровья работающего населения как ключевого элемента национальной безопасности. Семинар был организован Комитетом санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и Национальным центром гигиены труда и профессиональных заболеваний.
Цель мероприятия – повышение квалификации специалистов в области медицины труда, а также обмен опытом в вопросах сохранения здоровья трудоспособного населения. Участие в семинаре приняли специалисты Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Жамбылской области, Управления здравоохранения региона, врачи медицинских учреждений и представители промышленных организаций.
В ходе мероприятия с приветственным словом выступили:
* Шиналиев Б.С., руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Жамбылской области;
* Мусабаев Е.Т., заместитель начальника Управления здравоохранения Жамбылской области;
* Е.Ж. Отаров, председатель правления и директор НАО “Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний”, доктор медицинских наук, ассоциированный профессор.
С докладами на семинаре выступили профессора, ведущие эксперты в области медицины труда. Среди ключевых тем:
* Перспективы развития гигиены и медицины труда (д.м.н., асс.профессор Отаров ЕЖ.);
* Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих в опасных и вредных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии (к.м.н.Акынжанова С.А.);
* Профессиональные интоксикации от воздействия фосфора и его неорганических соединений (на примере г. Тараз), (д.м.н., проф. Аманбекова А.У.)
* Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизе связи заболеваний с профессией (д.м.н., проф. Отарбаева М.Б.).
* С проблемами в области профпатологической службы выступила Бабишева Р.Ш., главный профпатолог Жамбылской области, которая осветила актуальные проблемы и пути решения в данной сфере.
Семинар стал важной площадкой для обсуждения ключевых вопросов, направленных на укрепление здоровья работающего населения, что напрямую связано с обеспечением национальной безопасности страны.
