





Шымкент қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы ұлттық қауіпсіздік факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті
2025 жылғы 10 қыркүйекте Шымкент қаласында ұлттық қауіпсіздіктің негізгі элементі ретінде жұмыс істейтін халықтың денсаулығы мәселелеріне арналған «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы ұлттық қауіпсіздік факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – еңбек медицинасы саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтау мәселелерінде тәжірибе алмасу. Семинарға Шымкент қаласының және Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, Шымкент қаласының және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, медициналық ұйымдардың дәрігерлері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Іс – шара барысында м.ғ. д., профессор И.О. Байдаулет – кәсіптік патологиялық қызметтің ардагері, ОҚО және Шымкент қаласы ардагерлерінің облыстық Кеңесі Төралқасының мүшесі, ҰОС және еңбек ардагерлерін медициналық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы құттықтау сөз сөйледі. Профессор И.О. Байдаулеттің жеке бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен 2003 жылы ОҚО, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындарына кәсіби патология бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Шымкент қаласында ЕГКАҰО-ның 20 орындық кәсіптік патологиялық бөлімшесі бар Оңтүстік Қазақстан филиалы ашылған. Қазіргі уақытта облыстың саяси және қоғамдық өміріне белсенді қатысуды жалғастыруда
Сонымен қатар, семинар барысында құттықтау сөз сөйлегендер:
– Сермаңызов Т.Қ. – Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы;
– Дүйсенбаева С.С. – Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының уақытша міндетін атқарушы басшысы;
– Позилов Б.Дж. – Шымкент қаласы №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері;
– Отаров Е.Ж. – медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулардың ұлттық ғылыми орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы-директоры.
Семинарда еңбек медицинасы саласындағы профессорлар, жетекші сарапшылар баяндама жасады. Негізгі қамтылған тақырыптар:
* Гигиена және еңбек медицинасының даму болашағы (м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Отаров Е.Ж.);
* Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жағдайы. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді медициналық қарап-тексеру. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база (м.ғ.к. Ақынжанова С.А.);
* Қорғасынның әсерінен болатын кәсіби уланулар (Шымкент қаласының мысалында) (м.ғ.д., профессор Аманбекова А.Ұ.);
*Кәсіби жарамдылықты анықтау мен аурудың кәсіппен байланысын сараптаудағы проблемалық мәселелер (м.ғ.д., профессор Отарбаева М.Б.);
Семинарда өңірлердегі кәсіби патология қызметінің жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл бағытта м.ғ.д., профессор, «ОҚМА» АҚ–ның №2 жалпы практика кафедрасының меңгерушісі, Шымкент қаласының штаттан тыс бас кәсіби патологы Досыбаева Г.Н. егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол өз сөзінде осы саладағы ең өзекті мәселелерін атап өтіп, оларды шешу жолдарын ұсынды.
Семинар кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және әртүрлі деңгейдегі мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды. Мұндай іс-шараларды өткізу еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
В г.Шымкенте прошёл семинар на тему «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности»
10 сентября 2025 года в городе городе Шымкент состоялся семинар на тему: «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности», посвященный вопросам здоровья работающего населения как ключевого элемента национальной безопасности. Семинар был организован Комитетом санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан и Национальным центром гигиены труда и профессиональных заболеваний.
Цель мероприятия – повышение квалификации специалистов в области медицины труда, а также обмен опытом в вопросах сохранения здоровья трудоспособного населения. Участие в семинаре приняли специалисты Департамента санитарно-эпидемиологического контроля г. Шымкент и Туркестанской области, представители Управлений здравоохранения г. Шымкент и Туркестанской области, врачи медицинских учреждений, представители промышленных предприятий.
В ходе мероприятия с приветственным словом выступили: д.м.н., профессор Байдаулет И.О.- ветеран профпатологической службы, член Президиума областного совета ветеранов ЮКО и города Шымкента, председатель постоянной комиссии по вопросам медицинского обеспечения ветеранов ВОВ и труда. По личной инициативе профессора Байдаулет И.О. при поддержке Акимата области в 2003 году был открыт Южно-Казахстанский филиал НЦГТ и ПЗ и профпатологическое отделение на 20 коек в г. Шымкенте, оказывающее высокоспециализированную медицинскую помощь по профессиональной патологии жителям ЮКО, Кызылординской, Жамбылской областей. В настоящее время, продолжающим принимать активное участие в политической и общественной жизни области.
– Сермаңызов Т.Қ. — руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля г. Шымкент;
– Дуйсенбаева С.С. — и.о. руководителя Управления здравоохранения г. Шымкент;
– Позилов Б.Дж. – главный врач «ГБ №2 УЗ г.Шымкент»;
– Отаров Е.Ж., председатель правления и директор НАО «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний», доктор медицинских наук, ассоциированный профессор.
С докладами на семинаре выступили профессора, ведущие эксперты в области медицины труда. Среди ключевых тем:
* Перспективы развития гигиены и медицины труда (д.м.н., асс.профессор Отаров ЕЖ.);
* Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих в опасных и вредных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии (к.м.н.Акынжанова С.А.);
* Профессиональные интоксикации от воздействия свинца (на примере г. Шымкент), (д.м.н., профессор. Аманбекова А.У.)
* Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизе связи заболеваний с профессией (д.м.н., профессор Отарбаева М.Б.).
Особое внимание было уделено вопросам деятельности профпатологической службы в регионах. С подробным докладом выступила Досыбаева Г.Н. — д.м.н., профессор, заведующая кафедрой ВОП-2 АО «ЮКМА», главный внештатный профпатолог г. Шымкент. В своём выступлении она обозначила наиболее острые проблемы в данной сфере и пути их решения.
Семинар стал важной площадкой для профессионального диалога, обмена знаниями и укрепления сотрудничества между специалистами различных уровней. Проведение подобных мероприятий способствует формированию эффективной системы охраны здоровья работающего населения, что напрямую влияет на обеспечение национальной безопасности страны.
