Қызылорда қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» атты семинар өтті

2025 жылғы 12 қыркүйекте Қызылорда қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі – СЭБК) және «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ (бұдан әрі – ЕГКАҰО) ұйымдастырды.Семинар Қызылорда облысындағы аумақтық СЭБД, денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – ДСБ), медициналық ұйымдар және өндірістік кәсіпорындардың өкілдері үшін ұйымдастырылды.

Қатысушыларды құттықтау сөздерімен қарсы алғандар:

* Сыздықова Г.Д. – Қызылорда облысы СЭБД басшысы;

* Жаналиев А.К. – Қызылорда облысы ДСБ-ның бас маманы;

* Отаров Е.Ж. – ЕГКАҰО басқарма төрағасы – директоры.

Семинар аясында еңбек гигиенасы және кәсіби медицина саласының жетекші мамандары мен сарапшылары баяндамалар жасады: м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Отаров Е.Ж. («Еңбек гигиенасы мен медицинаның даму перспективалары»), м.ғ.к. Ақынжанова С.А. («Қазақстан Республикасындағы кәсіптік патология қызметінің жағдайы. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді медициналық тексеру. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база»), м.ғ.д., профессор Отарбаева М.Б. («Кәсіби жарамдылықты анықтау және аурудың кәсіппен байланысын сараптау кезіндегі проблемалық мәселелер»), Шымкент қаласының бас штаттан тыс кәсіби патологы, м.ғ.д., профессор Досыбаева Г.Н. («Кәсіби ауруларды диагностикалаудың өзекті мәселелері». «Қызылорда облысындағы кәсіби патология қызметінің жағдайы»).

Баяндамаларда еңбеккерлердің денсаулығын сақтау, еңбек гигиенасы және кәсіби медицина саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кәсіби аурулардың алдын алуға және кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылды.

Қызылорда облысындағы проблемалық мәселелер бойынша (Қызылорда облысының штаттан тыс кәсіби патологы Г.Р.Садыкованың ұсынған мәліметтері бойынша) Шымкент қаласының бас штаттан тыс кәсіби патологы, м.ғ.д., профессор, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ 2- жалпы тәжірибелік дәрігер кафедрасының меңгерушісі Досыбаева Г.Н. баяндама жасады.

Талқылауға бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері қатысып, кәсіби тексерулер жүргізу барысында жұмыс орындарында туындайтын өзекті мәселелерін айтты.

Қатысушылар семинарда көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті, осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін және кәсіби аурулардың алдын алу тиімділігін арттыру үшін ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту қажет екенін айтты. Семинар қорытындысы бойынша кәсіби патология қызметінің жұмысын жетілдіру, нормативтік базаны жаңарту және еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтау бойынша заманауи тәсілдерді енгізу жөнінде талқыланып және ұсынылды.

В г.Кызылорде прошёл семинар на тему: «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности»

12 сентября 2025 года в г. Кызылорда состоялся семинар на тему «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности». Организаторами мероприятия являются: Комитет санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК (далее ДСЭК) и НАО «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний» (далее НЦГТПЗ).

Семинар был организован для представителей: территориальных ДСЭК, управления здравоохранения (далее УЗ), медицинских организаций, промышленных предприятий Кызылординской области. С приветственным словом выступили:

* Сыздыкова Г.Д. — руководитель ДСЭК Кызылординской области;

* Жаналиев А.К. — главный специалист УЗ Кызылординской области;

* Отаров Е.Ж. — председатель правления-директор НЦГТПЗ.

В рамках семинара с докладом выступили ведущие специалисты и эксперты в области медицины труда НЦГТПЗ: д.м.н., асс. профессор. Отаров Е.Ж. (Перспективы развития гигиены и медицины труда), к.м.н. Акынжанова С.А. (Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих во вредных и опасных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии), д.м.н., профессор Отарбаева М.Б. (Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизе связи заболевания с профессией), главный внештатный профпатолог г.Шымкент д.м.н., профессор, Досыбаева Г.Н. (Актуальные проблемы диагностики профессиональных заболеваний. О состоянии профпатологической службы в Кызылординской области), которые детально осветили наиболее актуальные вопросы в области охраны здоровья трудящихся, гигиены и медицины труда. Пристальное внимание было уделено профилактике профессиональных заболеваний и улучшению условий труда на предприятиях.

По проблемным вопросам Кызылординской области (по данным представленным гл. внештатным профпатологом Кызылординской области Садыковой Г.Р.) выступила Досыбаева Г.Н. — д.м.н., профессор, заведующая кафедрой ВОП-2 АО «ЮКМА», главный внештатный профпатолог г. Шымкент.

В обсуждении приняли участие врачи ПМСП, которые озвучили свои проблемы на рабочих местах при проведении медосмотра.

Участники отметили высокую значимость обсуждаемых тем, необходимость регулярного проведения аналогичных мероприятий и активного межведомственного взаимодействия для повышения эффективности профилактики профессиональных заболеваний. По итогам семинара были обсуждены и даны рекомендации по улучшению работы профпатологической службы, совершенствованию нормативной базы и внедрению современных подходов к охране здоровья работающего населения.