«Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» атты семинар

«Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» атты семинар

2025 жылғы 6 қазанда Ақтөбе қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Шара жұмысқа қабілетті халықтың денсаулығын сақтау саласындағы хабардарлықты арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:
* Қойшанова Р.М. – Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы,
* Есенжулова А.Б. – Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары,
* Отаров Е.Ж. – «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулардың ұлттық ғылыми орталығы» КЕАҚ (ЕГКАҰО) басқарма төрағасы – директоры.
ЕГКАҰО-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар баяндамаларымен сөз сөйледі:
*Еңбек гигиенасы мен медицинасын дамытудың перспективалары – м.ғ.д., қауымдастырылған профессор Отаров Е.Ж.;
*Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жай-күйі. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің медициналық қарап-тексерілуі. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база – м.ғ.к. Ақынжанова С.А.;
*Хром және оның қосындыларымен улану – м.ғ.д., профессор Аманбекова А.У.;
*Кәсіби жарамдылықты анықтау және аурулардың кәсіппен байланысын сараптау кезінде туындайтын өзекті мәселелер – м.ғ.д., профессор Отарбаева М.Б.
Сарапшылар еңбеккерлердің денсаулығын қорғау, еңбек гигиенасы мен еңбек медицинасындағы ең өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырды. Кәсіби аурулардың алдын алуға және өндіріс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылды.
Семинарға Ақтөбе облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, сондай-ақ өңірдің медициналық мекемелерінің дәрігерлері қатысты.Семинар жұмысына және еңбек гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған тиімді шараларды әзірлеу, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы экологиялық мәселелерді талқылауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – гигиенист-дәрігер, токсиколог, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің гигиеналық пәндер және кәсіби аурулар кафедрасының профессоры А.А. Мамырбаев қатысты. Ол — Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының, Профилактикалық медицина академиясының, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі, сондай-ақ «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ-ның Құрметті профессоры.
Қазақстан хромит кенінің қоры бойынша Оңтүстік Африка Республикасынан кейін әлемде екінші орында тұрғанын ескере отырып, хроммен уланудың бастапқы белгілері бар жұмысшыларды ерте анықтау, медициналық тексерулерді сапалы жүргізу және хром өндіру мен өңдеумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлердің кәсіби ауруларының алдын алу мәселелері талқыланды.
Кәсіпорындар мен денсаулық сақтау басқармалары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызы атап өтілді.
Өңірдегі мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының штаттан тыс кәсіби патологы, м.ғ.к. Сатыбалдиева Ү.А. сөз сөйлеп, проблемалық мәселелер мен оларды шешу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Мәселелер:
– Кәсіби патология қызметін үйлестіретін құрылымның болмауы;
– Жекеменшік медициналық ұйымдардың КМАЖ (Дамумед) жүйесімен сәйкестендірілмеуі;
– Жекеменшік медициналық ұйымдар тарапынан есептіліктің жеткіліксіздігі.
Ұсыныстар:
– Облыстық кәсіби патология кабинетінің ашылуы;
– Жекеменшік медициналық ұйымдарды КМАЖ жүйесімен міндетті түрде сәйкестендіру;
– Барлық медициналық ұйымдарды өз қызметі мен материалдық-техникалық жабдықталуы туралы есеп беруге міндеттеу;
– Санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп, медициналық тексерулердің сапасын тексеруді өткізу.
Осындай іс-шараларды өткізу — елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі ресурсы болып табылатын жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қорғауға тұтас әрі жүйелі көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Семинар “Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности”

6 октября 2025 года в Актобе состоялся семинар на тему “Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности”, организованный в целях повышения осведомлённости и обмена опытом в области охраны здоровья трудоспособного населения.
С приветственным словом выступили:
* Койшанова Р.М., руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля по Актюбинской области,
* Есенжулова А.Б., заместитель руководителя управления здравоохранения Актюбинской области,
* Отаров Е.Ж., председатель правления – директор НАО “Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний” (НЦГТПЗ).
С докладом выступили ведущие специалисты и эксперты в области медицины труда НЦГТПЗ:
* Перспективы развития гигиены и медицины труда (д.м.н., асс.проф. Отаров ЕЖ.);
* Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих в опасных и вредных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии (к.м.н. Акынжанова С.А.);
* Интоксикации хромом и его соединениями (д.м.н., проф. Аманбекова А.У.)
* Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизе связи заболеваний с профессией (д.м.н., проф. Отарбаева М.Б.). Эксперты детально осветили наиболее актуальные вопросы в области охраны здоровья трудящихся, гигиены и медицины труда. Пристальное внимание было уделено профилактике профессиональных заболеваний и улучшению условий труда на предприятиях.
В семинаре приняли участие специалисты ДСЭК по Актюбинской области, врачи медицинских учреждений региона.
В работе семинара и обсуждении ключевых вопросов в обеспечении санитарно-гигиенических условий труда, разработке эффективных мер по охране здоровья работников, экологическим проблемам в Западно-Казахстанской области принял участие А.А.Мамырбаев — заслуженный работник РК – врач-гигиенист и токсиколог, профессор кафедры гигиенических дисциплин и профболезней Западно-Казахстанского медицинского университета им.М.Оспанова, действующий член академии наук Высшей школы Казахстана, Академии профилактической медицины, Российской академии естественных наук, Международной академии информатизации, почетный профессор НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет имени Марата Оспанова».                        

  Учитывая, что Казахстан занимает второе место в мире по запасам хромитовой руды после ЮАР, были обсуждены вопросы раннего выявления рабочих с начальными проявлениями хромовой интоксикации, качественном проведении медосмотров, профилактики работающих в промышленных предприятиях, занимающихся добычей и переработкой хрома. Обсуждена роль межведомственного взаимодействия между предприятиями и управлениями здравоохранения. С проблемами в регионе выступила внештатный профпатолог г.Актобе. к.м.н. Сатыбалдиева У.А., которая обозначила круг проблем и предложений.
Проблемы:

– отсутствие координирующей структуры профпатологической службы;
– отсутствие синхронизации частных МО с КМИС (Дамумед);
– недостаточность отчетности частных медицинских организаций.
Предложения:

– Открыть областной профпатологический кабинет;
– Обязать частные МО синхронизироваться с КМИС;
– Обязать все МО предоставлять отчеты о деятельности и оснащенности;
– Проводить совместные проверки качества осмотров с СЭС.
Проведение подобных мероприятий способствует формированию целостного подхода к вопросам охраны здоровья работающего населения, как ключевого ресурса устойчивого социально-экономического развития страны.