
«Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» тақырыбындағы семинар Орал қаласында өтті
2025 жылғы 7 қазанда Орал қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Семинар еңбекке жарамды халықтың денсаулығын сақтау саласында ақпараттандыру және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:
*Жанабергенова Д.О., Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы,
*Жүнісбеков А.Т., Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары,
*Отаров Е.Ж., «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ (ЕГКАҰО) басқарма төрағасы – директоры.
Семинар барысында ҚР Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығының жетекші мамандары мен сарапшылары келесі тақырыптарда баяндамалар жасады:
*Отаров Е.Ж., м.ғ.д., қауымдастырылған профессор – «Еңбек гигиенасы мен еңбек медицинасының даму перспективалары»;
*Ақынжанова С.А., м.ғ.к. – «Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жағдайы. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді медициналық тексерулерден өткізу. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база»;
*Аманбекова А.Ө., м.ғ.д., профессор – «Мұнай өндіру және өңдеу кезінде дамитын кәсіби аурулар»;
*Отарбаева М.Б., м.ғ.д., профессор – «Кәсіби жарамдылық пен кәсіби аурулар байланысын сараптау кезінде туындайтын мәселелер».
Баяндамаларда еңбек етуші халықтың денсаулығын қорғауға қатысты өзекті тақырыптар: нормативтік-құқықтық актілер, кәсіби аурулардың алдын алу, еңбек гигиенасы мен медицинасы мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, өндіріс орындарында еңбек жағдайларын жақсарту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және аймақтарда кәсіби патология қызметін дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Семинарға БҚО СЭБД мамандары, дәрігерлер, медицина мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындар – «Гидромаш-Орион» ЖШС, «Орал Сауда-Өнеркәсіп компаниясы» ЖШС, «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «ОралАгроРемМаш» АҚ, «Болашақ-Т» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Орал құс фабрикасы» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Белес-Агро» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Батыс Өнім Ltd» ЖШС, «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ, «Жайықжылуэнерго» АҚ, «Конденсат» АҚ, «Жайықмұнай» ЖШС, «Ақсайгазсервис» АҚ, «Сырласу» ЖШС, «Merlion-Sicim» ЖШС және басқа да кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ кәсіпорындар мен денсаулық сақтау органдары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңызын талқылады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіптік патологтары өз мәселелерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды.
Орал қаласының штаттан тыс кәсіптік патологы Самихова А.М. өңірдегі кәсіптік патология саласындағы проблемаларға шолу жасады. Өз баяндамасында ол келесі негізгі мәселелерді атап өтті:
* кәсіптік аурулардың алдын алудың жеткіліксіз деңгейі;
* мамандар мен арнайы жабдықтардың жетіспеушілігі;
* зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндерді уақтылы медициналық тексеруден өткізу мәселелері;
* еңбек қорғау және кәсіптік патология саласындағы заңнамалық талаптар туралы кәсіпорындардың хабардарлығының төмендігі.
Самихова А.М. жағдайды жақсарту үшін келесі ұсыныстарын ұсынды:
* медициналық мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту;
* дәрігерлер мен жұмыс берушілер үшін тұрақты оқыту іс-шараларын өткізу;
* кәсіптік ауруларды ерте диагностикалау жүйесін енгізу;
* еңбек жағдайларымен байланысты ауруларды сараптау және медициналық тексеру жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдар тізімін кеңейту.
Талқылау барысында, әсіресе, өндірістік инфрақұрылымы дамыған өңірлердегі жұмысшылардың еңбек денсаулығын сақтаудағы кешенді және ведомствоаралық тәсілдің маңыздылығы атап өтілді.
Өткізілген іс-шара ұлттық қауіпсіздікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын қорғаудың жүйелі тәсілін дамытуға көмектеседі.






Семинар «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности» прошёл в г.Уральске
7 октября 2025 года в г.Уральск состоялся семинар на тему «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности», организованный с целью повышения осведомлённости и обмена опытом в области охраны здоровья трудоспособного населения.
С приветственными словами выступили:
*Жанабергенова Д.О., руководитель Департамента санитарно-эпидемиологического контроля по Западно-Казахстанской области,
*Джунисбеков А.Т., заместитель руководителя управления здравоохранения ЗКО,
*Отаров Е.Ж., председатель правления – директор НАО «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний» (НЦГТПЗ).
В ходе семинара с докладами выступили ведущие специалисты и эксперты в области медицины труда НЦГТПЗ:
*Отаров Е.Ж., д.м.н., асс.профессор – «Перспективы развития гигиены и медицины труда»;
*Акынжанова С.А., к.м.н. – «Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих в опасных и вредных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии»;
*Аманбекова А.У., д.м.н., проф. – «Профессиональные заболевания, развивающиеся при добыче и переработке нефти»;
*Отарбаева М.Б., д.м.н., проф. – «Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизы связи заболеваний с профессией».
Выступающие подробно осветили наиболее актуальные темы в сфере охраны здоровья работающих: нормативно-правовые акты, профилактика профессиональных заболеваний, вопросы гигиены и медицины труда. Особое внимание было уделено вопросам улучшения условий труда на предприятиях, совершенствованию нормативно-правовой базы и развитию профпатологической службы в регионах.
В семинаре приняли участие специалисты ДСЭК по ЗКО, врачи и представители медицинских учреждений, а также представители промышленных предприятии региона (ТОО
«Гидромаш-Орион», ТОО «Уральская Торгово-Промышленная компания», АО «Уральский завод
«Зенит», АО «Уральскагрореммаш», ТОО «Болашақ-Т», ТОО «Стекло-Сервис», ТОО «Уральский Трансформаторный завод», ТОО «Уральская птицефабрика», ТОО «Кублей», ТОО «Белес-Агро», АО «Западно-Казахстанская Машиностроительная Компания», ТОО «Батыс Өнім Ltd», АО
«Желаевский комбинат хлебопродуктов», АО «Жайыктеплоэнерго», АО «Конденсат», ТОО
«Жаикмунай», АО «Аксайгазсервис», ТОО «Сырласу», ТОО «Merlion-Sicim» и.др.).
Участники обсудили ключевые аспекты обеспечения санитарно-гигиенических условий труда, а также роль эффективного межведомственного взаимодействия между предприятиями и органами здравоохранения. Со своими проблемами и предложениями выступили врачи- профпатологи промышленных предприятий. С обзором региональных проблем в области профпатологии выступила внештатный профпатолог г. Уральск Самихова А.М. В своём докладе она обозначила ключевые проблемные аспекты, характерные для региона, включая:
недостаточный уровень профилактики профессиональных заболеваний;
нехватку специализированных кадров и оборудования;
сложности в организации своевременного медицинского освидетельствования работников вредных производств;
недостаточную информированность предприятий о требованиях законодательства в сфере охраны труда и профпатологии.
Самихова А.М. также предложила ряд мер по улучшению ситуации, среди которых:
усиление координации между медицинскими учреждениями и предприятиями;
проведение регулярных обучающих мероприятий для врачей и работодателей;
внедрение системы ранней диагностики профзаболеваний;
расширение перечня медицинских учреждений, уполномоченных проводить медосмотры и экспертизу связи заболеваний с условиями труда.
Обсуждение подчеркнуло важность комплексного и межведомственного подхода к вопросам сохранения профессионального здоровья работников, особенно в регионах с развитой промышленной инфраструктурой.
Проведенное мероприятие позволит сформировать системный подход к охране здоровья работающего населения как одного из ключевых факторов обеспечения национальной безопасности и устойчивого социально-экономического развития страны.
