Атырауда еңбекке қабілетті халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті.
2025 жылдың 8 қазанында Атырау қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы ұлттық қауіпсіздік факторы ретінде» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:
*Ысқақова А.С., «Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» басшысының орынбасары;
*Отаров Е.Ж., Басқарма төрағасы – «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы-директоры.
Семинар аясында еңбек гигиенасы мен еңбек медицинасы саласындағы жетекші мамандар мен сарапшылар баяндама жасады:
*Отаров Е.Ж., м.ғ.д., қауымдастырылған профессор — «Еңбек гигиенасы мен еңбек медицинасының даму перспективалары»;
*Ақынжанова С.А., м.ғ.к. — «Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жай-күйі. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді медициналық тексеруден өткізу. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база»;
*Отарбаева М.Б., м.ғ.д., профессор — «Кәсіби жарамдылықты және аурудың кәсіппен байланысын сараптау кезінде туындайтын мәселелер».
Іс — шараға Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, облыстағы денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлері мен медицина қызметкерлері, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Қызметкерлердің денсаулығын сақтау және кәсіби патология қызметін дамыту мәселелеріне арналған өткен семинар аясында Атырау облысында шұғыл шешімді қажет ететін өзекті мәселелердің аз еместігі айқын болды. Бұл түйткілді жайттарды дәрігер-профпатологтар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері көтерді. Аталған мәселелер Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тұрақты бақылауында болуы тиіс.
Көтерілген негізгі мәселелердің бірі – өңірде штаттан тыс профпатологтың болмауы. Осыған байланысты Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының кәсіби патология қызметінің мәселелері ұсынылмады. Бұл кәсіби ауруларды ерте анықтау және олардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты қиындатады, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін төмендетеді.
Жоғарыда айтылғандардан басқа, талқылау барысында тәжірибелік дәрігерлер — кәсіптік патологтар, БМСК мамандары, облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері мамандар тапшылығынан бастап, міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексерулердің сапасына және кәсіби жарамдылыққа дейін бірқатар мәселелер бойынша алаңдаушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді. Олардың қатарында өңірде штаттан тыс профпатолог тағайындау мәселесін қарастыру, профилактикалық жұмысты күшейту және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық тексерулердің сапасын арттыру шаралары бар.
Іс-шара кәсіби аурулардың алдын алу және жұмысшылардың денсаулығын қорғау саласындағы кәсіби диалог пен ынтымақтастықты нығайтудың тиімді алаңына айналды, бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздік пен елдің тұрақты дамуына тікелей әсер етеді.



Семинар по вопросам здоровья работающего населения прошёл в г.Атырау
8 октября 2025 года в г.Атырау состоялся семинар на тему: «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности», организованный в целях повышения осведомлённости, обмена опытом и обсуждения актуальных вопросов в сфере охраны здоровья трудоспособного населения.
С приветственными словами к участникам обратились:
*Искакова А.С., заместитель руководителя Департамента санитарно-эпидемиологического контроля по Атырауской области;
*Отаров Е.Ж., председатель правления – директор НАО «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний».
В рамках семинара с докладами выступили ведущие эксперты и специалисты в области медицины труда:
*Отаров Е.Ж., д.м.н., асс.профессор — «Перспективы развития гигиены и медицины труда»;
*Акынжанова С.А., к.м.н. — «Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работающих в опасных и вредных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии»;
*Отарбаева М.Б., д.м.н., профессор — «Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизы связи заболеваний с профессией».
В мероприятии приняли участие представители Департамента санитарно-эпидемиологического контроля по Атырауской области, врачи и медицинские работники учреждений здравоохранения региона, представители промышленных предприятий.
В рамках состоявшегося семинара по вопросам охраны здоровья работников и развития профпатологической службы стало очевидным, что в Атырауской области накопилось немало острых проблем, требующих безотлагательного решения, которые осветили врачи-профпатологи, представители промышленных предприятий. Все эти вопросы должны быть на контроле УЗ и ДСЭК Атырауской области.
Одной из ключевых озвученных проблем стало отсутствие внештатного профпатолога в регионе, поэтому проблемы профпатологической службы УЗ Атырауской области не были представлены. Это затрудняет системную работу по раннему выявлению и профилактике профессиональных заболеваний, а также снижает эффективность взаимодействия между медицинскими организациями и предприятиями.
Кроме вышеизложенного, во время обсуждения практикующие врачи – профпатологи, узкие специалисты ПМСП, представители промышленных предприятий региона выразили обеспокоенность по ряду вопросов: от дефицита специалистов до качественного проведения обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров, профпригодности.
По итогам встречи были выработаны предложения, направленные на улучшение ситуации, включая проработку вопроса о назначении внештатного профпатолога в области, усиление профилактической работы и повышение качества медицинских осмотров работников вредных производств.
Мероприятие стало эффективной площадкой для профессионального диалога и укрепления сотрудничества в сфере профилактики профессиональных заболеваний и охраны здоровья работников, что в свою очередь, напрямую влияет на национальную безопасность и устойчивое развитие страны.
.


