



Ақтауда еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы мәселелері бойынша семинар өтті
2025 жылғы 9 қазанда Ақтау қаласында «Еңбекке қабілетті халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – еңбекке қабілетті, зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істейтін халықтың денсаулығын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және хабардарлықты арттыру болды.
Семинарға Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – СЭБД), денсаулық сақтау басқармасының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың өкілдері мен еңбек гигиенасы және кәсіби патология саласының мамандары қатысты.
Семинардың ашылуында құттықтау сөз сөйлегендер:
• Күркінбаева Г.У. – Маңғыстау облысы СЭБД басшысы;
• Дүйсенбаева Б.Ә. – Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
• Отаров Е.Ж. – «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы – директоры.
Семинар жұмысына Маңғыстау облысы СЭБД мамандары, өңірдің медициналық ұйымдары мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының өкілдері, дәрігерлер қатысты.
Семинар бағдарламасы аясында еңбек гигиенасы мен кәсіби патология саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандар баяндама жасады:
• Отаров Е.Ж., м.ғ.д., қауымдастырылған профессор – «Еңбек гигиенасы және еңбек медицинасын дамытудың перспективалары»;
• Ақынжанова С.А., м.ғ.к. – «Қазақстан Республикасындағы кәсіби патология қызметінің жағдайы. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің медициналық тексерулері. Кәсіби патология бойынша нормативтік-құқықтық база»;
• Аманбекова А.Ө., м.ғ.д., профессор – «Мұнай өндіру және қайта өңдеу саласында дамитын кәсіптік аурулар»;
• Отарбаева М.Б., м.ғ.д., профессор – «Кәсіпке жарамдылық пен аурудың кәсіппен байланысын сараптау мәселелері».
Баяндамашылар еңбек етуші халықтың денсаулығын қорғау мәселелеріне қатысты негізгі тақырыптарды жан-жақты ашып көрсетті: кәсіби патология саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек гигиенасы және өңірлердегі кәсіби патологиялық қызметтің дамуы.
Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
• кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту;
• нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
• еңбек гигиенасы және кәсіби патология саласындағы мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыру.
Ақтау қаласының штаттан тыс профпатологы Кенжина А.А. өңірдегі кәсіби патология саласындағы өзекті мәселелер бойынша сөз сөйлеп, Маңғыстау облысына тән проблемаларды атап өтті. Оның баяндамасы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды:
• кәсіби патология саласындағы мамандардың тапшылығы, бұл кәсіптік ауруларды дер кезінде анықтауға және науқастарды жүргізуге кедергі келтіреді;
• алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулердің сапалы өткізілуі;
• зиянды және қауіпті өндірістік факторлары бар кәсіпорындарда еңбек жағдайларын тұрақты бақылаудың қажеттілігі;
• жұмыс берушілер мен қызметкерлердің кәсіптік аурулардың алдын алу және еңбекті қорғау талаптарын сақтау маңыздылығы туралы ақпараттану деңгейінің төмендігі.
Семинар барысында кәсіптік аурулардың алдын алу және өндірістік нысандардағы санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсарту мәселелерінде кәсіпорындар мен денсаулық сақтау органдарының өзара іс-қимылының маңызы талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек пен денсаулықты қорғау саласында профилактикалық бағытты күшейту, медициналық тексерулердің сапасын арттыру және медициналық, санитариялық және өндірістік құрылымдардың өзара іс-қимылын кеңейту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.


В г.Актау состоялся семинар по вопросам здоровья работающего населения
9 октября 2025 года в г.Актау прошёл семинар на тему «Здоровье работающего населения как фактор национальной безопасности». Целью мероприятия стало повышение осведомлённости, обсуждение актуальных проблем и обмен опытом в сфере охраны здоровья трудоспособного населения, занятых на вредных и опасных производствах.
Семинар собрал представителей Департамента санитарно-эпидемиологического контроля Мангистауской области (далее ДСЭК), управления здравоохранения, промышленных предприятий, медицинских учреждений и специалистов в области медицины труда.
С приветственными словами к участникам семинара обратились:
Куркинбаева Г.У. – руководитель ДСЭК Мангистауской области;
Дуйсенбаева Б.А. – зам. руководителя управления здравоохранения Мангистауской области;
Отаров Е.Ж. — председатель Правления-Директор НАО «Национальный центр гигиены труда и профессиональных заболеваний» (НЦГТПЗ).
В семинаре приняли участие специалисты ДСЭК Мангистауской области, представители медицинских организаций и крупных промышленных предприятий региона, врачи.
В рамках программы семинара с докладами выступили ведущие специалисты и учёные в области «Медицины труда»:
*Отаров Е.Ж., д.м.н., асс.профессор — «Перспективы развития гигиены и медицины труда»;
*Акынжанова С.А., к.м.н. — «Состояние профпатологической службы в Республике Казахстан. Медицинские осмотры работников, занятых во вредных и опасных условиях труда. Нормативно-правовая база по профпатологии»;
*Аманбекова А.У., д.м.н., профессор — «Профессиональные заболевания, развивающиеся при добыче и переработке нефти»;
*Отарбаева М.Б., д.м.н., профессор — «Проблемные вопросы при проведении профпригодности и экспертизы связи заболеваний с профессией».
Выступающие подробно осветили ключевые темы, касающиеся охраны здоровья работающих: нормативно-правовые акты в области профпатологии, профилактики профессиональных заболеваний, вопросы гигиены труда и развития профпатологической службы в регионах. Особое внимание было уделено вопросам:
* улучшения условий труда на предприятиях,
* совершенствованию нормативно-правовой базы,
* подготовке и повышению квалификации специалистов в области медицины труда в регионе.
С обзором региональных проблем в области профпатологии выступила внештатный профпатолог г.Актау, Кенжина А.А., она озвучила ключевые проблемы, характерные для Мангистауского региона, чем вызвала живой интерес участников мероприятия:
* дефицит специалистов профпатологического профиля, что затрудняет своевременное выявление и ведение пациентов с профессиональными заболеваниями;
* качественное проведение предварительных и периодических медицинских осмотров;
* необходимость регулярного мониторинга условий труда на предприятиях; особенно на предприятиях с вредными и опасными производственными факторами;
* низкий уровень информированности работодателей и работников о важности профилактики профессиональных заболеваний и соблюдения требований охраны труда.
Обсуждалась роль межведомственного взаимодействия между предприятиями и органами здравоохранения в вопросах профилактики профессиональных заболеваний и улучшения санитарно-гигиенических условий на рабочих местах.
По итогам семинара, участники пришли к единому мнению о необходимости усиления профилактической направленности в сфере охраны труда и здоровья, повышения качества медосмотров и расширения взаимодействия между медицинскими, санитарными и производственными структурами.
